Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

13.11.2020

Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері 5 млрд 400 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен басшылық лауазымда болған 2 қызметкер қамауға алынды. Олар - Tengri Bank төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының орынбасары Әсет Жадықов. Сондай-ақ Tengri Bank мамандарының бақылауындағы мекеме басшысы жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған деп айыпталып отыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, бүгінге дейін банктің 4 мыңнан астам салымшысының 15 млрд 600 млн теңгесі қайтарылған. Ал 32 мың адам тиісті төлемін алуға әлі күнге дейін өтініш бермеген.

Жазира Оразқызы

Tengri Bank банк

Хабарламаларға жазылу