Қостанай облысында елік атқан браконьерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

12.11.2020
Қостанай облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

Қостанай облысында ұсталған браконьерлерден екі ұңғылы мылтық пен елік алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. 

2020 жылдың 7 қарашасында Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Коняево көлінің маңында Toyota Hilux маркалы автокөлікті ұстады. Көлікте Қостанай облысының төрт тұрғыны болған. Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған елік жатқан. Тексеру барысында полиция қызметкерлері Toyota Hilux автокөлігін, еліктің денесін, 16 калибрлі тіркелмеген екі ұңғылы мылтықты тәркіледі. 

Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

елік Браконьер Қостанай облысы

Хабарламаларға жазылу