Шығыс Қазақстанда санитарлық талаптарды бұзғандарға 77 миллион теңге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстанда бір айдың ішінде санитарлық талаптарды бұзған 742 адамға 77 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазан айынан бастап аймақта мониторинг жасайтын топтардың жұмысы күшейтілген. Қоғамдық орында бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және өзге де санитарлық ережелер ескерусіз қалмас үшін күнделікті рейд жүргізілуде. Ал «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі таяуда жедел желіні іске қосты. Соңғы екі аптада оған тұрғындардан санитарлық талаптар бұзылғандығы жөнінде 100-ге жуық хабарлама түскен.
Маржан Бақыт, «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:-Түнгі клубтар, караоке-барлар есіктерін жауап алып жұмыс істеп жатқан фактілер де болды. Танымал тұлғалардың қатысуымен той жасағандар да болды. Жақында ғана Семей қаласында сондай той өтті. Оған тиісті шара қолданылып, мейрамхананың басшысы жауапкершілікке тартылды. Оған айыппұл салынды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02