Түркістан облысында жүк көліктері кеден бекетінен өте алмай тұр
Түркістан облысында жүк көліктері «Қазығұрт» кеден бекетінен өте алмай, кептелісте тұрып қалды.
Көрші Өзбекстанға өтпек болған көлік жүргізушілерінің айтуынша, кеденшілер 200-ге тарта көлікті бекеттен өткізбей қойған. Бұл мәселеге байланысты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жағдайдан хабардар екенін жеткізді.Олар кептелістің туындауына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын жеткізді. Яғни, қатты желден электр жарығы қайта-қайта сөніп, жүк көліктерін өлшейтін таразы істен шыққан. Бекетте жиналған 80-ге жуық жүк көлігі сол маңдағы автотұраққа орналастырылған.
Баян Тұлғабаева, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:- Қазіргі таңда туындаған проблемалық мәселе оңды шешіліп, штаттық режимде жұмыс істеуде.Сондай-ақ, жүргізушілердің айтуы бойынша төрт-бес тәулік тұрмыз дегені шындыққа жанаспайды. Бұл жағдай таңертең басталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02