Коронавирус пен карантиндік шектеулерге қарамастан баспана бағасы барлық өңірде шарықтап жатыр. Әсіресе Қостанай, Ақтөбе, Көкшетау мен Орал қалаларында қыркүйектің өзінде баға 4 пайызға көтерілген. Ал ең қымбат пәтерлер Алматыда.
Шаршы метрінің бағасы 7 пайызға өсіп, 450 мың теңгеге жетті. Ал Нұр-Сұлтандағады пәтерлер 6 пайызға қымбаттады. Шаршы метрі 360 мың теңгеден. Қызылордада баға 9,5 пайызға өскен. Бірақ қалалардың ішінде арзан баға осында. Шаршы метрі 150 мың теңге.
Қымбатшылыққа құрылыс қарқынының бәсеңдеуі себеп. Бағаны ұстап тұруға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары әсер етеді дейді сарапшылар. Сол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бюджеттен төмен пайызбен 10 миллиард теңге берілмек. Сөйтіп осы қаржыға 5 пайызбен ипотека беру көзделген.
Досжан Маратұлы