«Электрондық әмияндар» арқылы күмәнді шоттарға ақша аудару тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Электрондық әмияндар» арқылы күмәнді шоттарға ақша аудару тоқтатылады

10.11.2020

Елімізде электрондық әмияндар арқылы жасалатын күмәнді ақша операциялары тоқтатылады. Бұл шара интернеттегі есірткі бизнесіне тосқауыл қою үшін қолға алынып отыр.

Заң нормасын Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірігіп әзірлеген. Яғни, енді онлайн ақша аударылған шоттың кімге тиесілі екені белгісіз болса, операция жүзеге асырылмайды. Себебі қазір интернетте есірткі жарнамалап, жасырын сататындар көбейген. Әсіресе, синтетикалық есірткі саудасы қызып тұр. Соңғы 10 айда 96 келісі тәркіленген. Бұл өткен жылғыдан 10 есе көп. 

Оны саудалайтындар жарнамасын интернетте ғана емес бағандар мен көпқабатты үйлердің қабырғаларына іліп кетеді. Мәселен, тараздық тәртіп сақшылары мен ерікті жастар жыл басынан бері осындай 700 жарнаманы өшірген. Ал қылмыстық топ қазір іздестіріліп жатыр. 

Амангелді Сейітхан

киберқылмыс Ішкі істер министрлігі интернет

Хабарламаларға жазылу