Қызылорда бір тәулікте 19 той өткен. Мобильді топ өкілдері екі мейрамханада және 17 жеке тұрғын үйде өтіп жатқан думанды шараны тоқтатты.
Жалпы, карантиндік шектеулерге байланысты қатаң тыйым салынса да, халық тығылып той жасауды доғарар емес. Шілде айынан бері аймақта той-томалақ өткізгендерге 37 миллион теңге айыппұл салынған.
Ал Атырауда карантинді ескермей той жүргізген асабалар іздестірілуде. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Енді тәртіпке бағынбай той өткізетін асабалар мен қатар, думанға атсалысатын би топтары мен фотограф және бейнеоператорлар да жауапкершіліктен құтыла алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркелгендері 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бүгінде 3 асабаға қатысты хаттама толтырылды.
Бақытбек Хамза, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасыін бақылау басқармасының бас маманы:Асабалық қызметпен айналысатын 1 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Күні бүгінде тағы да 2 әкімшілік іс қарастыруда. Қазір ол тұлғалар басқармаға келмегендіктен, іздестірілуде.
Сондай-ақ атыраудағы мобильді топ, шектеуді елемей 40-қа жуық адамды жинап, арнайы шара өткізген діни бірлестікті анықтады. Талапқа бағынбағандарға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Жандос Темірғали