Нұр-Сұлтанға ұшып келген 14 шетелдік депортацияланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 14 шетелдік депортацияланған

05.11.2020

Соңғы 2 тәулікте әуе рейстері арқылы Нұр-Сұлтанға 18 860 адам ұшып келген. 15 736 жолаушыда коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама болған. 3110 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылды. 14 шетелдік депортацияланған. Ал 7 жолаушы аурудың симптомсыз түрін жұқтырғандығы анықталды.   

Қазір шаһарда індет жұқтыру көрсеткіші республикалық деңгейден 2 есе артты. Жаңа оқу жылы басталғалы 47 оқушы инфекцияға шалдыққан. Қазан мен қараша айларында аурудың қайта өршуіне байланысты карантиндік шараларды жеңілдету мүмкін болмай тұр.  

Жанна Пірәлиева, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері: 
-Коронавирус ауруының қайта өсуі 1-ші қазаннан бастап, аптасына 46-дан 199 жағдайға дейін байқалуда. Тәулігіне қазіргі күнде 20-дан 34-ке дейін ауру белгілері бар жағдайлар тіркелді. 

Айта кетерлігі, қазір бас қалада 119 адам стационарда ем қабылдап жатыр. 596 азамат COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырған. Індет жұқтыру көрсеткішінің артуына адамдардың қарапайым санитарлық нормаларды сақтамауы себеп, - дейді бас санитар дәрігер.  

Дарын Сағитов  


Нұр-Сұлтан депортация

Хабарламаларға жазылу