Жұмыртқа 10,3%, қант 7,3%, күнбағыс майы 6,3%-ға қымбаттады – Статком - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыртқа 10,3%, қант 7,3%, күнбағыс майы 6,3%-ға қымбаттады – Статком

05.11.2020
Жұмыртқа 10,3%, қант 7,3%, күнбағыс майы 6,3%-ға қымбаттады – Статком

2020 жылғы он айда баға азық-түлік тауарларына–8,3%, азық-түлік емес тауарларына–4,5%, ақылы қызметтерге 3% жоғарылады, деп хабарлайды ҚР Статистика комитеті.

Қазанда (2020 жылғы қыркүйекке) бағаның өсуі жұмыртқаға – 10,3%, құмшекерге – 7,3%, күнбағыс майына – 6,3%, жаңа жиналған көкөністерге– 2,8%, картопқа – 2,1%, сүтке – 1,4%, шайға – 1%, қой етіне – 0,9%, ұнға, сары майға – 0,8%, макарон өнімдеріне, жылқы етіне – 0,7%-дан, нанға – 0,6%белгіленді. Темекі өнімдері – 1,8%, салқындатылған сусындар 0,6%қымбаттады. Бағаның төмендеуіжаңа жиналған жемістерге – 3,9%, тауықтың сирағына 1,1% тіркелді.

Баға өсімікеңсе тауарларға, дәрі-дәрмекке – 0,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға 0,6%-данқұрады.Тас көмір1,4% қымбаттады.

Баға деңгейі моншаға бару – 0,8%, спорттық кешендер қызметтеріне – 0,7%, стоматологиялық қызметтеріне – 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 0,5% өсті.Әуе көлігімен жол жүру ақысы 2,4% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерқоқыс шығару – 6,7%, суық суға – 2,5%, кәрізге – 2%, электр энергиясына – 0,7%, ыстық суға 0,3% өсті.

Азық-түлік тауар баға

Хабарламаларға жазылу