Алматы маңындағы демалыс орнында атыс ұйымдастырғандар ұсталды
Алматы облысының Байсерке ауылында атыс ұйымдастырған бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы полицейлер хабарлап отыр. Оқиға өткен аптаның соңында демалыс орындарының бірінде болған еді. Атыс салдарынан бірнеше адам жараланды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматы облыстық Ішкі істер басқармасының мәліметінше сол күнгі оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен бірнеше адам ұсталған. Қалғандарын іздестіруге кедергі келтіретін болғандықтан, құзырлы орган өкілдері күдіктілер туралы әзірге нақты мәлімет бермей отыр. Алдағы уақытта толық ақпарат жариялаймыз деп отыр.
Еске салайық, бетіне бетперде киіп, суық қаруланған 20 шақты адам демалыс орнына баса көктеп кіріп, оқ жаудырған еді. Оқиғадан үш адам зардап шекті. Қазір үшеуінің де жағдайы жақсы. Демалыс орнының иесі оқиға болған кезде-ақ медициналық көмектен бас тартса, қалған екеуі емханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне төніп тұрған еш қауіп жоқ дейді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06