Газ құбырына қосылатын тұрғындардың шығынын субсидиялау керек - Депутаттар
Газ бағасы мен оны үйге кіргізу шығындарын субсидиялау керек. Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары осындай ұсыныс жасап отыр. Айта кетейік, бұл жұмыстарға кететін шығындар қарапайым тұрғындардың қалтасына едәуір салмақ салады. Мәселен, орталық және солтүстік облыстарда бір үйді газға қосу жұмыстарының орташа құны 350 мың теңге. Бұл азаматтар үшін өте қымбат, - дейді саяси ұйым өкілдері.
Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы:-Газ тартылған орталық және солтүстік облыстарда қыстағы орташа температура өте төмен. Осыны ескеріп, Үкіметтен «Сарыарқа» газ құбырына қосылатын 171 елді мекен үшін газ құны мен халықтың аз қамтылған тобына газ тарату желілеріне қосылу шығындарын субсидиялау бағдарламасын әзірлеуді сұраймыз.
Мадина Жолдас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02