Қарағанды облысында жолаушылар бекеттен өту үшін сайтқа тіркелуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жолаушылар бекеттен өту үшін сайтқа тіркелуі керек

02.11.2020

Қарағанды облысында шекаралық аумақтардағы үш бекетте бақылау күшейтіледі. Олар: Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарымен арадағы автожолдарда орналасқан. Жаңа тәртіп 4 қарашадан бастап енгізіледі. Бұрын бұл санитарлық бекеттерде жолаушылардың тек дене қызулары өлшеніп, сауалнама жүргізілетін. Енді арнайы сайтқа тіркелуі керек. Арнайы қызметтерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдары өкілдеріне, жүк көліктеріне, транзиттік көліктерге өтуге рұқсат етілген. Сондай-ақ, мекенжайы облыс аумағында тіркелген адамдарға, шұғыл ем қажет тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Ал вахталық жұмысшылар мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына күнделікті қатынайтын азаматтар өз деректерін сайтта қалдыруы тиіс.   

Расул Қасенхан, жедел әрекет ету орталығының өкілі: 
-Ол бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына алдын ала тіркелу керек. Ол тіркелген сәтте әр азамат өзінің өту мақсатын түсіндіру керек болады. Яғни, жұмыс барысын ғана. Ал той, демалыс, кездесу болатын болса ол жаққа өткізілмейді.   

Руслан Нұрланұлы 


Қарағанды облысы бекет сайт тіркелу

Хабарламаларға жазылу