Kaspi Bank-ті тонағандар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Банк бөлімшесіне шабуыл жасағандардың қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі айтты. Қазір күдікке ілінген үшеу қамауға алынды. Екеуінің қолдарына Алматыда кісен салынса, үшіншісі Орал қаласында құрыққа ілінді. Еске салайық, 15 қазан күні мегаполисте қаруланған екі адам банк бөлімшесіне басып кіріп, екі миллион теңгені қолды қылған. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:-Бұл қылмысты бір-бірімен дос үш азамат жасады. Алдын ала дайындалған көрінеді. Қылмысты жасаған кезде сезіктілердің бірі қолына қару ұстаған. Бұл қару сезіктілердің біріне тиесілі аңшы мылтығы болып шықты.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01