Президент Қырғызстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара іс-қимылдардың деңгейін жоғары бағалады. Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларды Қазақстанның мұқият бақылап отырғанын, оны қырғыз елінің ішкі мәселесі деп қарайтынын атап өтті.
Бауырлас қырғыз елінің болашағына алаңдаймыз. Сондықтан Қырғызстанға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. Бұған дейінгі келісімдер негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз, – деді Мемлекет басшысы.
Ал қырғыз елінің Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа күрделі кезеңде қолдау білдіргені, коронавирус пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Өтекешеваның халықаралық театр фестивалі басталды
02.10.2026, 17:38
Азиада: Таеквондодан 1 алтын
02.10.2026, 17:36
Азиада: Қоржында қос алтын
02.10.2026, 17:35
Қызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды
02.10.2026, 17:27
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабеті дер кезінде анықталып жатыр
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20