БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды
Ірі көлемде пара алған БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов пен оның сыбайласы қамауға алынды. Лауазым иелері мемлекеттік сатып алу аясында 78 млн теңгенің медициналық жабдықтарын жеткізген ЖШС директорынан 7 млн 800 мың теңге пара алған. Содан соң атқарылған жұмыс және жабдықтарды қабылдап алу актілеріне қол қойған.
Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:Мемлекеттік мекеменің басшысы және оның сыбайласы ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының Полиция басқармасына уақытша ұстау абақтысына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды.
Таразда індетпен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары да тергеліп жатыр. Олар медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алған. Мемлекетке 8 миллион 730 мың теңге көлемінде шығын келген.
Рауан Диәли
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02