Екі аптада Қазақстанда 8 лауазымды тұлға жемқорлық күдігімен ұсталған
Сондай-ақ, осы аралықта еліміз бойынша жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 23 тұлғаға қатысты үкім шыққан.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы екі аптада болған жаңалықтармен бөлісті. Дереккөздің хабарлауынша, соңғы екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 тұлғаға қатысты 17 айыптау үкімі шыққан, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.
«7 тұлға бас бостандығынан айырылды, 5 тұлғаның бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар, жымқыру фактілері бойынша - 4, алаяқтық үшін – 3, пара бергені үшін - 3, пара алғаны үшін – 10 және бұрмалау үшін - 2 тұлға сотталды», - деп хабарлайды Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.
Ол сондай-ақ, бірнеше күн бұрын ұсталған БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қайыповқа нақты қандай айып тағылғанын айтып берді.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан 78 млн теңге тұратын қызметтің атқарылғаны туралы актіге кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған», - деді Бегайдаров.
Қазір Қайыпов мен оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қ. ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05