Электронды петиция сайты 2021 жылы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды петиция сайты 2021 жылы іске қосылады

29.10.2020

Интернеттің нашар сапасы үшін енді операторлар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Бағдат Мусин айтты. Бұдан бөлек енді жаңа көпқабатты тұрғын-үйлерге оптикалық желі жүргізілмесе, ол үй қолданысқа берілмейді. Осылайша газ, су, жарық секілді кабельді интернеттің болуы заңдылыққа айналады. Әрі радиожиілікті меншігіне алып, пайдаланбай жатқандармен күрес күшейеді. Есесіне ол жиіліктер операторларға 90 процент жеңілдікпен берілмек. Ал байланыс компаниялары үнемделген қаржыны инфраструктураны жақсартуға жұмсауы керек. Осылайша министрлік интернет мәселесін бюджет есебінен емес бизнестің арқасында жақсартып алуды көздеп отыр. 

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 
-Байланыс операторлары мен провайдерлер үшін біз нақты параметрлерді бекітеміз. Яғни секундына ең төменгі мегабит жылдамдығы жазылады. Осы сапа шарттарын орындамағандар айыппұл төлейді. Ал ол қазіргідей 100 айлық есептік көрсеткіш емес одан бірнеше есе көп болады. 

Онлайн петиция сайты 2021 жылдың екінші жартысында іске қосылады. Оған қазынадан қаржы шығындамау жолдары қарастырылып жатыр. Министр Бағдат Мусин бұл жұмысқа жеке компаниялар мен қауымдастықтар тартылып жатқанын айтты. 

Шерхан Жамбылұлы 

Электронды петиция сайт 2021 жыл Онлайн петиция Бағдат Мусин

Хабарламаларға жазылу