2 жасар баланың өлімі: Балқаш ауруханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі
2 жастағы баланың өліміне байланысты Балқаш ауруханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні қабақтары ісіп кеткен соң анасы ұлын дәрігер қарауына әкелген. Алайда оны бірден ауруханаға жатқызбаған. Үйге келген соң нәрестенің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем бүлдіршінді балалар ауруханасына жеткізіп, сараптамадан соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарған. Бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Демалыс күндеріне тап келгендіктен УЗИ-ге түсіру дүйсенбіге қалдырылған. Алайда келес күні сәби қайтыс болды.
Гүлжан Жиенбаева, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:Болған жайт туралы әлеуметтік желіде кең таралып, қоғам талқысына түсуіне байланысты және ата-ананың сұрауымен ауруханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жүзеге асады. Алдын ала болжам бойынша, бала тамақтан улануы мүмкін. Тексеріс қорытындысын хабарлайтын боламыз.
Руслан Нұранұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02