Әлжуаз топтарға берілетін әлеуметтік көмекті арттыру керек – Коммунистік партия - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлжуаз топтарға берілетін әлеуметтік көмекті арттыру керек – Коммунистік партия

28.10.2020

Әлеуметтің әлжуаз топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті арттыра түсу керек. Қазақстан коммунистік халық партиясы мүшелерінің пікірінше, осы бағытта жұмысты күшейту қажет. 

Партияның Ақмола облыстық филиалында мемлекеттік қолдауға мұқтаж жандардың мәселесі талқыланды. Жиналғандардың айтуынша, қазір індет салдарынан табысынан айырылғандар қатары артты. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау керек дейді коммунистер. 

Биыл түрлі волонтерлық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мұқтаж жандарға азық-түлік алып беріп жәрдемдесті. Демек, бұл мемлекеттік қолдаудың әлі де болса жеткіліксіз екенін көрсетті.

Олжас Сыздықов Қазақстан коммунистік халық партиясы ақмола облысының бірінші хатшысы:
Баспана - ең бірінші мәселе. Бүгінгі таңда әлеуметтің әлжуаз топтарына пәтер алу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Олар азық-түлікті әрең тауып отыр. Ал баспанаға қаржыны қайдан жинайды. Жетім балалардың да жағдайы осындай. Сондықтан бірінші кезекте пәтер алу қолжетімді болу қажет. 

Ермек Елберген 

әлеуметтік көмек қкхп Ақмола облысы

Хабарламаларға жазылу