Kaspi Bank-тің қызмет жүйесінен ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kaspi Bank-тің қызмет жүйесінен ақау шықты

28.10.2020

Kaspi Bank-тің қызмет жүйесінен ақау шығып, таң атпастан тұрғындарды әбігерге салды. Банктің мобильді қосымшасы да істен шықты. Желілерде банкке кибершабуыл жасалып, 79 миллион теңге қаржы ұрланды деген ақпарат тарады. Бұл қаншалықты рас? 

Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Қазір біз банктің бас ғимаратының алдында тұрмыз. Бүгін таңнан бері қызмет жүйесінен техникалық ақау шығып, банк карталары арқылы төлем жасау, банкоматтан ақша алу, ақша толтыру мүмкін болмай, банктің мобильді қосымшасы да істен шықты. Ал хакерлер Kaspi Bank-тен ақша жымқырды деген ақпаратқа қатысты компания қызметкерлерінің өзінен сұрап білдік.  
Ербол Азанбек, банктің баспасөз хатшысы:
Бұл жалған ақпарат және клиенттердің алаңдауына ешқандай негіз жоқ. Барлық қызметтер таяу уақытта іске қосылып, клиенттердің қаражаттары туралы мәліметтер қолжетімді болады.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Қазір банк жүйесі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Мамандар клиенттердің ақшасы шоттарында толықтай сақталатындығын айтады. Еске салайық, аталған банк жуырда London Stock Exchange биржасында IPO-ның сәтті өткізілгенін және сауда-саттықтың нәтижесі бойынша компания бағасы 20 пайызға артқанын хабарлаған. Дегенмен, қызмет жүйесінен шыққан ақау биржаға ешқандай әсер етпейді деді компания өкілдері. 
Kaspi Bank банк мобильді қосымша техникалық ақау

Хабарламаларға жазылу