Қостанайда көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды
Қостанай аймағында толассыз жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, қатты жел тұрды. Ауа температурасы төмендеп, көктайғақ басты. Қатты желден электр желілері зақымданып, бірнеше елді мекен жарықсыз қалған. Коммуналды қызмет жолдарды тазартып үлгермей жатыр. Салдарынан кей жерлерде көліктер кептеліп, қиындық туындаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін мектептерде сабақ өткізілген жоқ. Синоптиктердің айтуынша, антициклон еліміздің шығысына қарай ауысып, ертең теріскейде ауа райы тұрақталады.
Бауыржан Түлкібаев, облыстық ТЖД аға инженері:Қазіргі жағдайда өңір тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес берер едік. Өйткені ауа райының қалай құбылары әлі белгісіз. Тұман, жауын-шашын жолды дұрыс көрсетпейді. Ал қала ішінде жүргізушілерден төмен жылдамдықпен жүруді талап етеміз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03