Үкімет енді жыл сайын 600 мыңға жуық жұмыс орнын құрып отырады
Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Осыған байланысты халықы тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жол картасына бірқатар талап енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдері мен Парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру қажет. Екіншіден, қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау керек. Сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікке несие беруді белгілеген жөн», - деді ол Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, халықты жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешу үшін алдағы уақытта жыл сайын 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажет. Ол үшін өңірлерді дамыту бағдарламаларының құрамдас бөлігі ретінде жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын жасау керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03