Жыл соңына дейін жұмыспен қамтудың өңірлік карталары пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін жұмыспен қамтудың өңірлік карталары пайда болады

27.10.2020
Жыл соңына дейін жұмыспен қамтудың өңірлік карталары пайда болады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әкімдер мен мемлекеттік органдарға өңірлік карталарды әзірлеп, бекіту туралы тапсырма берді.  

«Жұмыспен қамту жол картасы көп қазақстандықтың жұмысы мен табысын сақтауға септігін тигізді әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көрсетті», - деген пікірде Үкімет басшысы.  

Жалпы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баяндамасынан кейін Үкімет басшысы жұмыспен қамту бағдарламасының осыған дейінгі нәтижесіне тоқталды.

Яғни, жұмыспен қамту жол картасының арқасында шамамен 6600 әлеуметтік, коммуналдық және көліктік инфрақұрылым объектісі салынып, реконструкцияланған. Жалпы жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жақсы болған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін мынадай тапсырмалар беремін:


Біріншіден, әкімдіктер Жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жандандырсын.


Екіншіден, Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін 2021жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын жаңартсын, онда тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беру керек.


Үшіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс орындарын құру бойынша индикаторларын жаңартсын. Жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын әзірлеп, бекіту қажет», - деді Премьер-министр.


Хабарламаларға жазылу