Садыр Жапаров отставкаға кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садыр Жапаров отставкаға кетеді

26.10.2020

Қырғызстан басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаров президент сайлауына қатысады. Бұл үшін ол отставкаға кетуі тиіс. Жапаров ағымдағы қызметін желтоқсанның басында тоқтатпақ. Сонымен қатар, президент сайлауында басқа үміткерлермен әділ бақ сынасатынын хабарлады. Мемлекеттің жаңа басшысын таңдау процесі 2021 жылы қаңтардың 10-да өтеді деп жоспарланып отыр. Ал Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау күні әлі белгісіз.  

Ал, Қырғыз-Тәжік шекарасында қақтығыс болды. Ресми мәліметке сай, ескі су құбырларын алмастыру жұмыстары жүріп жатқан кезде қару ұстаған 30 шақты қырғыз шекарашысы кіріп жергілікті тұрғындарға жұмысты тоқтатуды бұйырған. Артынша оқ жаудырған. Атыстан ешкім зардап шекпеді. Кей мәліметтерге сай, оқиға орнына келген қырғыз шекарашылары мемлекеттік шекараға жатпайтын аумақтағы құрылысты тоқтатуды талап еткен. Алайда тәжік азаматтары қарсылық білдіріп, дау шығарды.

Жансая Қапасқызы

Садыр Жапаров отставка Қырғызстан

Хабарламаларға жазылу