Балқаш қаласында 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына болмайды
Балқаш қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, бүгін түннен яғни, 24-қазаннан бастап қала тұрғындары үшін жаңа шектеулер пайда болды.
«Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясы көбейіп кетті. Осыған байланысты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойып, 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға, кәмелетке толмаған балалардың қараусыз жүруіне тыйым салды. Халық көп жиналатын саябақ, гүлзар, жағалаулар, балалар ойнайтын алаңдар жабылады», - деп хабарлайды ВАК.
Қатаң шектеулерге байланысты, қаладағы еріктілер 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға көмектесетін болды. Сонымен қатар қала бойынша қоғамдық көліктің қозғалысы шектеліп, тамақтану орындары мен азық-түлік, сауда орындарында жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқарады.
Ал, шаштараз, сұлулық салондары мен монша-сауналар алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді. Қала тұрғындарына осы шараларды қатаң ескеруі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02