Үкімет бөлген ақша барлық ауылға жетпейді - «Ауыл» партиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет бөлген ақша барлық ауылға жетпейді - «Ауыл» партиясы

22.10.2020

Ауылды дамытуға арналған бағдарламалардың тиімділігін арттыру қажет. Жыл сайын жаңа жоба қабылданып, қыруар қаржы бөлінгенімен елдегі ағайын игілігін көрмей отыр. «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың пікірі осы. 

Саяси ұйым мүшелері ауыл тұрғындары арасында сауалнама жүргізе бастады. Оның нәтижесі бойынша арнайы бағдарлама құру туралы бастама көтермек. Партия мүшелері Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық тәжірибе станциясында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.  

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары:
Көп мәселелер шешіліп жатыр, бірақ кемшіліктері бар. Үкімет бөлген ақша барлық ауылға жетпейді. Жол мәселесі, су мәселесі. Судың сапасы өте төмен. Бұл таза су емес, Солтүстік Қазақстанда онкологиялық аурулар көп. 

Сондай-ақ партия өкілдері жеке шаруалар кооперацияға біріксе, тұрғындардың табысын арттырып, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға болады деп есептейді. Фермерлермен және ауыл тұрғындарымен онлайн кеңес өткізген «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз кооперативтерге өткізудің маңызы зор. Бұл ретте ет, сүт өнімдерінің бағасы да арзан болады. Бастысы ауылдағы ағайын шаһардағы сауда орындарына ағылмай, уақыт үнемдейді. Азық-түлікті дұрыс сақтауға да кооперативтердің мүмкіндігі көбірек.

Сағындық Сәбитұлы 

ауыл партиясы ауыл бюджет

Хабарламаларға жазылу