Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сансыз салтанат өтпейді - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын заман емес дейді.
«Келесі жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл жыл экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны аялау ұранымен өтуі керек. Дәл қазір осынау тарихи маңызды күнге байланысты сансыз салтанат өткізетін кез емес. Маңызды істерді кейінге ысыра бермей, ең қысқа уақытта нақты нәтижеге қол жеткізу керек», - деді Тоқаев өз сөзінде.
Сонымен қатар, Президент елдегі саяси трансформация популистік акцияға айналмай, әрбір азамат үшін пайдасы тиер өзгерістермен есте қалуы тиіс дейді.
«Қазақстанның саяси трансформациясы бір сәттік, ол былай тұрсын, популистік акция емес. Бұл реформа стратегиялық бағытқа ие, өйткені, саяси трансформация Қазақстанды демократиялы әрі өркениетті мемлекет ретінде қалыптастыруды көздейді. Қазақстанның саяси модернизациясы жастардың мүдделеріне сай келетіндей жасалады», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02