Тоқаев Қазақстанның экологиясына ең ауқымды ревизия жасауды тапсырды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экологиясы өте күрделі жағдайда тұрғанын атап өтті.
Өйткені, Президент атап өткендей, Қазақстанда экологиялық проблемалардан ада бір де бір өңір жоқ. Ал, әлемнің антиэкологиялық рейтингісінде Қазақстан өкінішке қарай, көш бастап тұр. Сондықтан, Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде экологиялық проблемаларды күн тәртібіне шығарып, нақты тапсырма берді.
«Біздің қоғамдағы экологиялық мәдениетке назар аударғым келеді. Биыл қоршаған орта мен жануарларға қатысты резонанс тудырған, басқаша атауға сөзің бармайтын жабайы факторларға куә болдық. Қазақстан әлемнің экологиялық антирейтингісінде өкінішке қарай көш бастап тұр.
Елімізде экологиялық проблемадан ада бір де бір өңір жоқ. Бұл жағдайлар ең тиімді әрекеттерге көшетін уақыт жетті дегенде білдіреді. Елімізде толық масштабты экологиялық ревизия жасау керек. Осылайша, қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастырамыз. Сонымен қатар, экологиялық туризмді белсенді дамыту керек», - деді Тоқаев.
Президент дәл қазір экология мен жануарлар әлемін қорғауда елдің еріктілері көп еңбек сіңіріп отырғанын атап, еріктілер қозғалысын одан әрі жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндері ұлықталды
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03