Ұлттық және мемлекеттік университеттер сатылмайды - Тоқаев мәлімдеме жасады
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгін өтіп жатқан төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы оқу орындарын коммерцияландыру мен олардың жекеменшікке өтуіне қатысты пікір білдірді. Осылайша, мемлекет басшысы ұлттық немесе мемлекеттік мәртебесі бар оқу орындары сатыла ма, жоқ па деген мәселеге нүкте қойды.
Тоқаев ел арасында жүрген "әртүрлі әңгіменің" мәні - жоғарғы оқу орындары түбінде жекеменшіктің қолына өтеді дегенге саяды деп тұжырымдап отыр.
"Менің тапсырмама сәйкес, жоғарғы оқу орындарының құрылымын өзгерту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Көптеген жоғарғы оқу орны коммерациялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызды. Сондай-ақ, мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген күдік бар. Осыған орай, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орныдары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін. Бұл мәселе айрықша назарда", - деді Тоқаев ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02