Үржар ауданында ауыл тұрғыны полиция бөлімшесінде қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үржар ауданында ауыл тұрғыны полиция бөлімшесінде қайтыс болды

19.10.2020

33 жастағы ер адамның өліміне құқық қорғаушылардың қатысы болуы мүмкін. Облыстық полиция департаментінің басшысы кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады деп отыр. 

Қайғылы оқиға Үржар ауданының Мақаншы ауылында болған. Мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмған. Марқұмның туыстары полицейлерден бұған қатысты түсінік беруін талап еткен бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.  Ауыл тұрғындары адам өліміне полицейлер кінәлі деген пікірде. Олар жауап алған полиция қызметкерлерін көргісі келгенімен, бөлімшеден таппады. 

Қазір осы дерекке қатысты облыстық полиция департаментінің қауіпсіздік басқармасы «Қинау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Сағат Мәдиев, Облыстық полиция департаментінің бастығы: 
-Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растаймын. Менің басқаруыммен арнайы топ құрылды. Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды. Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Қайғылы оқиға бойынша қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер жасалды. Бірақ нәтиже әзірге дайын емес. Ал марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Берік Көшербай

Шығыс Қазақстан полиция бөлімшесі Үржар ауданы өлім

Хабарламаларға жазылу