«Ауыл» партиясы әр балаға жәрдемақы төлеуді ұсынды
«Ауыл» партиясы жәрдемақыны көпбалалы аналарға ғана емес, еліміздегі әр балаға тағайындауды ұсынды.
Яғни, кез келген сәби ата-анасының статусына қарамай 18 жасқа дейін мемлекеттік қолдау алуы тиіс. Мысалы, қазір 766 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Алайда жәрдемақы түрлері мен оны алудың талабы көп болғандықтан, азаматтарды шатастырады. Жылына осыған 300 миллиард теңге бөлінсе де, сансыз құжаттардың кесірінен шын мұқтаждар көмектен тыс қалады. Сондықтан жұмыстың барлығын біріздендіріп, қолданыстағы 14 заңның орнына халыққа түсінікті 1 заң ғана енгізу қажет.
Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:Баларға беріліп жатқан жәрдемақы өте көп. Туған кезінде беріледі, жөргекақы дейді, мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы. Оның категориясына бөліп тастап жатады. Оның атауынан халық түгілі, осымен айналысатын сарапшылар дашатасып жатады.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Білім саласындағы реформалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді
30.10.2026, 17:10
Халық Кеңесінің мүшелері ұстаздармен кездесті
30.10.2026, 17:08
Отандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері ұсынылды
30.10.2026, 17:07
Ел инфрақұрылымына $292 млрд инвестиция қажет
30.10.2026, 17:05
Қаратас мыс кені учаскесін геологиялық барлап жатыр
30.10.2026, 17:03
Қазақстан Түркі елдерімен сауданы $10 млрд-қа жеткізді
30.10.2026, 17:00
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15