Мейрамханаларды жаңажылдық кештер ғана банкроттан құтқара алады – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамханаларды жаңажылдық кештер ғана банкроттан құтқара алады – сарапшы

19.10.2020
Мейрамханаларды жаңажылдық кештер ғана банкроттан құтқара алады – сарапшы

Бұл туралы «Қазақстан рестораторлар клубы» қауымдастығының қаржы жөніндегі сарапшысы Ирина Лебедева LS порталына берген сұхбатында мәлім етті. Карантин кезінде мейрамханадар мен дәмханалардың 40% банкрот болған. Ирина Лебедева тамақтану орындарының банкроттығына тек карантин ғана емес, адамдардың ақшасы азайғаны да басты себептердің бірі болып отыр дейді.  

«Саланың 30-40% жуығы банкротқа ұшырады. Қалғаны тығырықтан шығуға тырысып жатыр. Дәл қазір бұл нарық қатты мазасыз күйде, мейрамханалар тамақты үйге дейін апарып беретін қызметке бейімделіп жатыр. Нарық гамбургер ғана өтеді деген тәртібін орнатып жатыр. Мысалы, 100 адамға арналған мейрамханалар орташа есеппен 30 млн теңге кіріске ие болатын. Қазір орынды және жұмыс істеу уақытын шектеген соң кіріс 12-15 млн теңге шамасында. Бұл қызметкерлерге жалақы төлеп, азық-түлік алуға ғана жететін ақша. Яғни, кәсіп иесі пайда көрмейді, тек жалақы мен бизнесін сақтап қалу үшін ғана жұмыс істеп отыр», - дейді Лебедева. 

Оның айтуынша, қазір 5 мың мейрамхана/дәмхананың 3,5 мыңы ресми түрде жұмыс істеп тұр, шамамен 1,5 мың мекеме көлеңкеге кеткен. Мейрамханалардың 80% банкроттықтан сақтайды деп, желтоқсан айынан көп үміт күтіп отыр. 

«Ұжымдардың жаңажылдық кештері – біздің ақша табатын кезіміз. Егер жаңажылдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салса, банкроттан қаша алмаймыз», - дейді Лебедева.


банкрот мейрамхана дәмхана

Хабарламаларға жазылу