Биылғы 9 айда елімізде 8,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға аз. 2019 жылдың осы кезеңінде 11,5 мың жол апаты тіркелген еді (жылына +3,4%).
Елдегі барлық жол-көлік оқиғаларының төрттен бірі оңтүстік астанада болған - 2,2 мың (бір жыл бұрынғыдан 34,9%-ға аз). Жол апаты ең көп болған аймақтарға сондай-ақ Алматы (1,5 мың апат, жылына минус 12%) және Жамбыл (660 апат, минус 27,2%) облыстары кірді.
«Республика аумағындағы барлық апаттың 96%-ы жылдамдықты асыру, тыйым салынған және қауіпті жерлерді кесіп өту салдарынан болады», - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінiң Автомобиль жолдары комитеті.
Мамандардың айтуынша, әр өңірдегі карантиндік шаралардың енгізілуі жол апатының санын азайтуға ықпал етті. Алайда автокөліктердің қозғалысына шектеу шараларының алынып тасталуы және көлік ағымының артуы апаттардың күрт өсуіне әкелді.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жол апатынан 13 мың адам зардап шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға аз. Оның 11,8 мыңы жарақат алды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1% аз). Зардап шеккендердің 6,6 мыңы - ерлер, 5,1 мыңы - әйелдер, 2 мыңы - кәмелетке толмағандар.
Жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары салдарынан 1,3 мың адам көз жұмды. Өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ға аз. Оның 948-і - ер адамдар, 315-і - әйелдер және 114-і кәмелетке толмағандар.
Дереккөз: ranking.kz