Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың көбеюіне байланысты бүгін түннен бастап карантин күшейді. Осыған дейін облыстағы үш ауданның орталығы Мамлютка, Булаев қаласы мен Явленка ауылы және Шал ақын ауданындағы Повозочное, Тайынша ауданындағы Краснокиевка және Ақжар ауданындағы Ленинградское елді мекеніне шектеу енгізілді.
Сауда орталықтары, дәмхана, монша мен сауналар 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал қоғамдық тамақтану орындарында бір кезде 30 адамның ғана кіруіне рұқсат етіледі. Демалыс күндері тамақты тапсырыспен жеткізеді. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде туристік нысандар мен жаттығу залдары жабылады. Оқу жылы басталғалы 30 бала ауырған, олардың 15-і кезекші сыныпта, қалғандары қашықтан білім алған.
Меруерт Атамбаева, көрсетілетін қызмет пен тауарлардың сапасын бақылау департаментінің бас маманы:
-Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылады. Жұмысшылардың саны 30-дан асатын мекемелерде қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді.
Сағындық Сәбитұлы