Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы мәйіт донорлығына келісім бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы мәйіт донорлығына келісім бере алады

13.10.2020
Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы мәйіт донорлығына келісім бере алады

Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы мәйіт донорлығына ресми түрде келісім бере алады немесе бас тарта алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қызметті алу үшін порталдың «Денсаулық сақтау» бөліміне тіркеліп, «Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және ағзаларын алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі пайдаланушы «Келісімді қайтарып алуды тіркеу» немесе «Келісімді тіркеу» батырмалары арқылы өтініш түрін таңдайды.

«Биыл мамыр айында заңға түзетулер енгізілді. Бүгін халықтан алынған кері байланысты ескере отырып, органдарды алуға келісімді ресімдеуге немесе бас тартуға мүмкіндік беретін қызмет әзірленді. Бұрын бұл үшін емханаға барып, өтініш жазу қажет болған еді, қазір үйден шықпай-ақ рәсімдей аласыз», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Келісімді тіркеген жағдайда, пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар, олар egov.kz порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетіледі.

egov.kz мәйіт донорлығы

Хабарламаларға жазылу