ПТР- тест анықтамасы жоқ Канада мен Ресей азаматы Қазақстаннан депортацияланды
Көліктегі бас санитар дәрігер Сәудақас Байғабылов 13-қазанға қараған түні Қазақстанға 14 рейс, 1486 адам ұшып келгенін хабарлады. Қолында ПТР-тест анықтамасы жоқ Ресей азаматы мен анықтамасының мерзімі өтіп кеткен Канада азаматы Қазақстанға кіре алған жоқ.
«Бүгін, 13-қазан күні түнде елімізге 14 рейспен 1486 жолаушы ұшып келді. 1185 адамның ПТР-тест анықтамасы болды, 301 адамның анықтамасы жоқ. Соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласына 5 рейспен 504 жолаушы келді, 400 адамның анықтамасы бар, 104 адамның анықтамасы жоқ. Алматыға 9 рейспен 982 жолаушы келді, 785 адамның анықтамасы бар, 197 адамның анықтамасы жоқ. Анықтамасы жоқ жолаушылар (Қазақстан азаматтары) ПТР-тест тапсыру үшін стационарларға карантинге жабылды. Ал, Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген Канада азаматы депортацияланды, оның ПТР-тест анықтамасы тоғызыншы қазанда жасалған. Дубай-Алматы бағытындағы рейспен келген Ресей азаматы ПТР анықтамасы болмаған соң, еліне депортацияланды», - деп жазған Сәдуақас Байғабылов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндері ұлықталды
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03