Атыраудағы қамыс өрті Алғабас ауылының іргесіне ойысты
Атырауда екі тәулік бұрын басталған қамыс өрті әлі де ырық берер емес. Қызыл жалын ошағы қала орталығынан 40 шақырымдай қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Қазір өрт қала іргесіндегі Алғабас ауылының маңына ойысты. Бүгінде 750 гектар жердегі қамыс күлге айналды. Тілсіз жау ерекше қорғалатын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын да шарпыды. Қызыл жалынды өшіруге 11 техника мен 46 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрттің шығуына аңшылардың қатысы бар дегенді алға тартып отыр.
Рашид Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:-Желдің қаттылығы және сол қамыстың батпақты жері өртті өшіруге қиыншылығын тудырып тұр. Техникамыз бара алмайды. Біздің болжам бойынша, қамыстың өртенуі аңшылыққа шыққан автокөліктің кесірінен.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндері ұлықталды
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03