Атырауда 7 млрд теңгеге алынған 170 автобус бос тұр
Атырауда 7 млрд теңгеге сатып алынған қытайлық 170 автобус маусым айынан бері қаңтарылып тұр. Себебі, қоғамдық көліктер тек метан газымен ғана жүреді. Ал, мұнайлы өңірде метан құятын арнайы бекет жоқ. Әрқайсысы, шамамен 40 млн теңге тұратын техниканы әкелу үшін құрылтайшы 7 жылға 7 миллиард теңге несие алған. Бұл қарызды автопарк 5 жылдық кірісінен қайтаруы тиіс. Енді жауаптылар олқылықты реттеу үшін 660 млн теңге қаржыға жаңа станция салып жатыр.
Қуантай Қалман, «Akzhayik Avtopark» ЖШС директоры:
-Бұл жобаға бюджеттің ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі таңда газ метан бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылғылары қалада тұр. Орындары дайындалып жатыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
19.08.2026, 20:01
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13