Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 40 пайызы ерлер - ІІМ
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев бүгін брифингте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты тоғыз айдың статистикасын ұсынды.
«Биыл 9 айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқық бұзу фактілері 0,4% өскен. Жартысынан көбінде адам алкогольдік ішімдік ішкен соң осындай әрекетке барған. Күш көрсеткендердің 82% жұмыссыздар. Зардап шеккендердің 54% - әйел адамдар, 6% - кәмелетке толмағандар, 40% - ерлер», - дейді ол.
Ал Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, өткен аптада елімізде 3363 қылмыс тіркелген. 2185 қылмыстың ізі суымай, бір тәулік ішінде ашылған. 15 кісі өлтіру дерегі тіркелді. Қылмыстың басым бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық санатына жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндері ұлықталды
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03