Қазақстанда пластикпен күрес бойынша хакатон ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда пластикпен күрес бойынша хакатон ұйымдастырылады

09.10.2020

Елде жыл сайын 30 мыңдай адам онкологиялық ауруға шалдығады. Дертке душар болудың бір себебі – пластик. Осындай құтыдағы сусын 1 апта ішінде қатерлі ісікке жеткізетін түйіршік бөледі. Ал өртеп жіберсе, 70 түрлі канцерогенді зат ауаға тарап, біраз сақталады. «Бірақ бұл туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары төмен», - дейді «Жасыл Арыстан» қорының өкілдері. 

Олар пластикпен ластану бойынша зерттеу жобасын іске қосқалы жатыр. Биылдан бастап Францияда пластик ыдыстарды қолдануға тиым салынған. Жалпы дамыған елдер сондай тәртіпке көшіп жатыр. Осы ретте қазақстандықтар арасында қалдықпен тиімді күресу үшін идеялар алуға 2 айлық хакатон ұйымдастырылмақ. Яғни бағдарламашылар, дизайнерлер, жоба менеджерлері бірігіп жұмыс істейді. 

Әлия Күшбаева, тәуелсіз сарапшы-эколог:
Қазіргі таңда 3-5 пайызы өңделіп жатыр. Ол дегеніміз өте жай қарқынмен дамып келеді. Ғарыштан түсірілген суреттерде біздің территориямызда 8 мыңнан аса қоқыс полигоны бар екені көрсетілген.

Нысаналы Ығыл

пластик қоқыс хакатон

Хабарламаларға жазылу