Қатаң карантин орнаса, Қазақстанда неше адам жұмысынан айырылуы мүмкін
Көктемгі және жаздағы карантин қайталанса, Қазақстанда 160 мыңдай адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Бүгін брифинг өткізген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов сарапшылардың зерттеуіне сүйене отырып, карантин қайталанса, еңбек нарығындағы жағдайға болжам жасады.
«Егер аяқ асты жағдай ушығып, Үкімет сәуір-мамыр айларындағыдай қатаң шара қолдануға мәжбүр болса, біздің есебіміз бойынша 4 млн-ға жуық адам жұмысын сақтап қалады (құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық салаларында), 2,5 млн адам қашықтан жұмыс істеуге көшеді (жоғары білікті). Шамамен 2 млн-ға жуық адамның жұмыс уақыты қысқарды, олар ақылы немесе ақысыз демалысөа кетуі мүмкін, мәселен сауда-саттық, көлік, тамақтану, қонақ үй салаларында. Ал, шамамен 160 мың адам жұмысынан айырылу мүмкін», - деді Біржан Нұрымбетов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07