Орталық Азия елдерінің президенттері бірлескен мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдерінің президенттері бірлескен мәлімдеме жасады

09.10.2020

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Қырғыз еліндегі оқиғаларға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері бауырлас елде болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдап отырғанын айтты. Ел басшылары Қырғызстандағы тыныштық – өңірлік қауіпсіздік пен Орталық Азиядағы орнықты дамудың маңызды факторы екенін атап өтті. 

«Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін күш-жігерін біріктіріп, туындаған мәселелерді Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып шешеді деп үміттенеміз», - деп жазылған мәлімдемеде. 

Сондай-ақ ел басшылары бір ауыздан «Орталық Азиядағы ынтымақты одан әрі жандандыру мақсатында біз Қырғызстан халқының бірлікке, бейбітшілікке, дербес дамуға және өркендеуге деген ұмтылысын үнемі қолдаймыз» деген үндеуін жеткізді.

Шерхан Жамбылұлы

Қырғызстандағы ахуал Президент

Хабарламаларға жазылу