Қостанайда жұмыртқа қымбаттады
Ресми мәлімет бойынша құстың еті мен жұмыртқасы бір жыл ішінде 20-25 процентке өскен. Яғни, тауардың құны бірте-бірте көтерілген. Әйтсе де қала әкімдігіндегі мамандар жұмыртқаның іріктелген, жоғары сұрыпты түрлері соңғы бір ай ішінде қымбаттағанын да жоққа шығармайды. Қостанай облысында жылына барлығы 420 млн дана жұмыртқа өндіретін үш ірі кәсіпорын бар. Бұл тауардың 122 млн-ы ғана жергілікті тұрғындарға саудаланып, қалғаны өзге өңірлерге шығарылады. Осы үш кәсіпорынның бірі Арқалық құс фабрикасы 24 қыркүйек күні карантин жариялануына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан.
Илона Тимошенко, қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:-Құстың жемі қымбаттады, коммуналдық қызмет бағасы өсті – құс еті мен жұмыртқасының құны көтерілуінің басты себебі осы. Бұған құс тұмауының қатысы бар деп ресми түрде айта алмаймыз. Бағаны тұрақтандыруда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің маңызы зор. Қостанайда 17 қазанда жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07