Ақтөбе, Өскемен, Атырау. Қазақстанда ауасы ең лас қай қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе, Өскемен, Атырау. Қазақстанда ауасы ең лас қай қала

08.10.2020
Ақтөбе, Өскемен, Атырау. Қазақстанда ауасы ең лас қай қала

Биыл 8 айда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция көлемі 24 пайызға артып, 92,5 млрд теңгеге жетті.  Бұл 2019 жылғы деңгейден екі есе көп (былтыр 74,6 млрд теңге болды). Соңғы үш жылда экологиялық жағдайды жақсартуға жұмсалған инвестициялар орта есеппен жылына 94,7%-ға өсті.

Жалпы, 10 жылда қоршаған ортаны қорғауға 368,8 млрд теңге жұмсалды.

Аймақтар бойынша инвестициялардың басым бөлігі Ақмола облысында бөлінді: 27,5 млрд теңге - өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (13,4 млрд теңге). ШҚО-да мұндай инвестициялар көлемі жылына 5,5 есе артып, 10,1 миллиард теңгеге жетті (бір жыл бұрын 1,8 млрд теңге). Үздік үштікті Маңғыстау облысы түйіндейді - 7,8 млрд теңге (бір жыл бұрын 1,8 млрд теңге).

Өңірлер арасында тек Алматыда ғана экологияны жақсартуға инвестиция құйылған жоқ. Осы орайда бұл аймақтың ауасы лас қалалар тізіміне кіретінін атап өткен жөн. Ластану деңгейі жоғары аймақтарға Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Шымкент, Теміртау және Семей қалалары жатады. Ал еліміздегі ауасы ең лас қалалар - Ақтөбе, Өскемен, Атырау қалалары.

Дереккөз: finprom.kz


статистика инвестиция экология ауасы лас қалалар Алматы Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу