Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған педофил асылып өлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған педофил асылып өлді

07.10.2020

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 5 жасар бүлдіршінді зорлады деп айыпталған 62 жастағы азамат тергеу изоляторында асылып қалды. Оны жіпке ілініп тұрған жерінен кезекші тауып алған. «Денесінде ешқандай жарақат жоқ, өз-өзіне қол cалған», - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында үй ауласында ойнап жүрген 5 жастағы қыз бала жоғалып, оны қала тұрғындары жаппай іздеп, педофилдің пәтерінен тапқан болатын. Күдікті сол жерде тұтқындалып, қамауға алынды. Осы 24 шілдеге қараған түні тас-таяқпен қаруланған жастар тобы күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Олар қақпаны, орындықтарды, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөлік бүлінген. Бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушы ретінде 15 адам ұсталды. Тергеу жалғасуда.

Руслан Нұрланұлы

Сәтбаев Қарағанды

Хабарламаларға жазылу