Депутаттар зейнет жасын төмендетуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров зейнет жасын төмендету мәселесін қайта қарауды ұсынып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
«ДДСҰ мәліметі бойынша, COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың көбі 60-тан асқан адамдар. Биыл қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім жағдайы тіркелді, оның 78 637- і (71% пайыздан астамы) - 60-тан асқандар. Сондықтан бұл азаматтар үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет», - дейді ол.
Осы орайда «Халықтық коммунистер» фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін қайта қарауды ұсынды.
«2013 жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз», - деді Қоңыров.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58