Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы халықаралық әуежайлары жаңа күшейтілген карантин талабына сай жұмыс істеп жатыр. Жолаушыларға температура өлшеуден бөлек, сауалнама толтыру және ПТР анықтамасын көрсету міндеттеледі. Соған сәйкес қазанның 5-інен 6-сына қараған түні шетелдерден ұшып келген 1200-ден астам адамның 400-і оқшауланды.
Гүлназ Қасымова, Əуе көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау объектілерін қадағалау бөлімінің басшысы:-Егер дене қызуы жоғары адам анықталса немесе ауру белгілері бар адамдар болса, әуежай изоляторына оқшауланып, жедел жәрдем алып кетеді.
Ал шетел азаматтары ПТР анықтамасыз Қазақстанға кіргізілмейді. Әуе компаниялар елдегі жаңа талап туралы жолаушыларға алдын ала СМС хабарламалар таратқан. Қазір Алматы халықаралық әуежайында ақылы түрде сынама тапсырамын дегендер үшін арнайы пункт іске қосылған. ПТР сынама қабылдайтын бөлім тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы Түркияға қатынайтын рейстер санын он төрттен онға дейін қысқартты. Алайда мұның вирустың таралуына жол бермеу туралы ведомствоаралық комиссияның шешіміне қатысы жоқ. Ал SCAT әуе компаниясында ұшу жиілігін азайту жоспарланбаған. Turkish Airlines түрік әуе тасымалдаушысы да Қазақстанға рейстерді қысқартпайтынын жеткізді.
Нысаналы Ығыл