Келесі жылы отандық кәсіпорындардың бірреттік бетперделер бойынша өндірістік қуаты тәулігіне 2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ қорғаныс костюмдері мен арнайы медициналық қолғаптарды шығару көлемі де еселеп артады. Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында фармацевтика өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
- Биыл дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық үлесі 30 пайызға дейін артты. Енді көрсеткішті кемітпей, кеңейту түсу керек. Ол үшін 5 жылда 78 млрд теңгеге 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады. Яғни, дәрі-дәрмек өнімінің көлемі - 2,5, экспорт 3 есеге дейін ұлғаяды. 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланады және оларға тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашылмақ.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Биыл фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ға 81,5 млрд теңгеге дейін, инвестициялар 5,2%-ға серпінді өсу байқалуда. 5000-нан астам жұмыс орындары құрылды. Дәрілік сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі 30 пайызға дейін өсті. Бұл көрсеткіш тұрақты өсіп келеді.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
- Дәрі дәрмек өндіріс өркендету қазіргі таңда ауадай қажет. Оны әрі қарай дамыту мақсатында 5 жылға межеленген кешенді жоспар әзірленіп, Үкімет отырысында қабылданды.