Қазақ қызы БҰҰ жанынан біріккен банк құруды ұсынды
Нью-Йоркте «Гендерлік теңдікті жеделдету және әйелдер мен қыздарға мүмкіндік беру» атты әйелдер жөніндегі бүкіләлемдік конференция өтті. Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында әйелдердің құқықтарын қорғау туралы Бейжің декларациясының 25 жылдығына арналған. Жиында Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Лаззат Рамазанова сөз сөйледі.
Лаззат Рамазанова Әйелдер құқығын қорғауда тәжірибе алмасу үшін БҰҰ жанынан біріккен банк құруды ұсынды. Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметіндегі басшылық қызметтердегі әйелдердің үлесі 40% . Әйел судьялардың саны 51%-ға жетті. 78% -ы жеке кәсіпкер.
«Біз БҰҰ платформасында жаһандық дағдарыстан кезең-кезеңімен шығу бойынша ұсыныстар әзірлейтін дағдарысқа қарсы орталық, сондай-ақ, әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың сақталуын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттердің озық тәжірибелермен жедел алмасу үшін бірыңғай банк құруды ұсынамыз. Бірлескен тәжірибе заманауи сын-қатерлерден иммунитетке айналатыны сөзсіз және бұл алға жылжудың негізі», - деп атап өтті ол.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10