Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталуға жақын
Ұлытаудағы Жошы хан кесенесінің маңайы жуырда ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Қазір мазарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса іргесінде тарихи-мәдени орталық салынуда. Жоба құны 31 миллион теңге. Құрылыс барысында кесененің тарихи сәулеті сақталған. Ал ауласы абаттандырылып, алаң төріне Жошы ханның алып ескерткіші қойылады.
Сондай-ақ жағалай туристер тоқтайтын қонақүй, мінәжат ету орны да тұрғызылады. Тарихи-мәдени кешенде өлке тарихынан сыр шерткен мұражай, кәдесыйлар сататын дүкен, этноауыл да бой көтереді. Киелі орынға барар жол да жөнделген. Биыл қазынадан 700 миллион теңге бөлініп, 30 шақырым жол асфальтталған. Кешен жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді.
Әнуар Төлебаев, мердігер:
Алтын Орданың 750 жылдығы. Соның аясында осы Жошы хан кесенесін қалпына келтіріп жатырмыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік желіде балағаттаған ақтөбелік айыппұл арқалады
10.09.2026, 13:18
Си Цзиньпин Үндістанға сапарлауы мүмкін
10.09.2026, 13:15
11-ші қыркүйек оқиғасына 25 жыл
10.09.2026, 13:12
Ұлытау облысындағы ауылда мектеп ашылды
10.09.2026, 13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарымыз ең алдымен зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы қажет»
10.09.2026, 13:08
Шымкенттегі қоғамдық көлікке шағым көбейді
10.09.2026, 13:06
Құрылтай депутаты әлеуметтік желіні шектеуді ұсынды
10.09.2026, 13:03
Құрылтай заң жобасын үш рет тексереді
10.09.2026, 13:00